Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы - Дмитрий Малахов
АСТАНА. KAZINFORM – Дмитрий Малахов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Айта кетейік, Дмитрий Михайлович 1974 жылы 27 тамызда Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991-1995 жж. — ҚР ІІМ-нің Алматы жоғары мектебін, 2003-2005 жж. Т.Рыскұлов атындағы экономика және қаржы университетін бітірген.
Еңбек жолы:
Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік және орталық аппаратының департаменттерінде басшы орынбасары болды (07.2004-03.2019);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің Жедел департаментінің басшысы (03.2019-09.2020);
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (09.2020-03.2022);
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (03.2022-10.2023)
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (11.10.2023-тен қазіргі уақытқа дейін).