Қаржы дағдарысы деген сөз шетелден шыққан идеологиялық дизайн болуы да мүмкін ?Сенатор Ғ.Есім

АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты, философ-ғалым Ғарифолла Есім Алматыда Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде болып, студенттермен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жүздесу барысында сенатор ресейлік басылымда жарияланған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан шығудың кілті» атты мақаласын студенттерге жан-жақты түсіндіріп берді. Ғ.Есімнің айтуынша, қазіргі дағдарыс қаржы дағдарысы болмауы да мүмкін. «Қаржы дағдарысы деген сөз шет елден шыққан идеологиялық дизайн болуы да мүмкін. Бұл шын мәнінде капитализм дағдарысы, өйткені дағдарыс капитализм дамыған елдерден басталды, алдағы уақытта үлкен шығын шегетін де солар болады. Оның көрінісі қазірден айқындалып келеді. Алайда олар оны мойындай ма? Ол белгісіз. Ал біздің жағдайға келсек, біз социализмді де көрдік, капитализмнің де дәмін таттық, сондықтан бұл дағдарыста біз аз ғана шығынмен шығатын боламыз. Бұл бағытта Елбасы үлкен жұмыстар атқаруда. Бұған әлемнің түкпір-түкпірінде үлкен қолдауға ие болған «Дағдарыстан шығудың кілті» атты мақаласы куә», - деді сенатор. Оның сөзіне қарағанда, дағдарысты жеңу бағытында ҚР Үкіметі дұрыс бағытта жұмыс істеп отыр. «Ал азаматтар дағдарыстың қашан аяқталуын күтпей-ақ оған бейімделіп, өмір сүруі керек. Дағдарыс алдында ақшамен ақша айналысы ғана орын алып, нақты еңбекпен табыс табу азайып кетті. Дағдарыс осыны түзеді», - деген Сенат депутаты, «дағдарыс жағдайында Үкіметтің студенттерге үлкен көңіл бөліп отырғанын, сондықтан тек білім алуға ден қою қажеттігін» ескертті.
Соңғы жаңалықтар