Қаржы министрі биткоинге ақша салуға кеңес бермейтінін айтты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің есебі кезінде ҚР қаржы минстрі Бақыт Сұлтанов биткоин саудасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Биткоин сатып алу туралы кеңес бермес едім, одан ешқандай тұрақтылық пен сенім көріп тұрған жоқпын. Біздің еліміздің өз мүмкіндіктері бар, егер қомақты қаржыларыңыз бар болса, әрине өз мемлекетіңіздің экономикасына сенгеніңіз дұрыс»,-деді министр.

Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов ел экономикасына қаржы салудың сан түрлі жолдарын түсіндірді.

«Ақшаны жылжымайтын мүлікке және басқа да құралдарға салуға болады. Биткоин - күрделі мәселе, оған қаржы салуға болады деп айта алмаймын»,-деді Б.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар