Қаржы министрі Қазақстан-Қытай шекарасындағы кеден бекеттерін аралап жүр

АЛМАТЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев Қазақстан-Қытай шекарасындағы кеден бекеттерін аралау сапарының аясында Алматы кедендік рәсімдеу орталығында болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл сапардағы негізгі мақсат ? кеден бекеттерінің жұмысымен танысу. Өйткені, қазіргі таңда интегралдық бақылауға көшуде көп жұмыстар жасалып жатыр. Енді кеден бекеті кедендік қана емес, шекарада ветеринарлық, көліктік және фитосанитарлық бақылау қызметтерін де атқармақ. Бұлар ең алдымен Қазақстан?Қытай шекарасында енгізілмек. Себебі, еліміздегі тауар айналымының басым бөлігі осында жасалады. Жалпы қазіргі таңда интегралдық бақылауға қатысты заң жобасы Парламент талқылауында жатыр», - дейді Қаржы министрі. Оның айтуынша, интегралдық бақылау енгізілген кезде шекарада қадағалаушы органдардың саны ғана азаймай, ішкі экономикалық қызметтің қатысушыларына қолайлы жағдай жасалады. Алматы кедендік рәсімдеу орталығында іске асырылған «бір терезе» қағидаты енді өзге жерлерге де енгізіледі. Бұл ең алдымен еліміздегі негізгі тауар айналымы жүргізілетін кеден бекеттерінде жүзеге асырылмақ.
Соңғы жаңалықтар