Қаржы министрі: Жыл соңына дейін «KEGOC» акциялары Халықтық IPO-ға шығарылады
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бұрын жоспарланғанындай, жыл соңына дейін «KEGOC» АҚ акциялары Халықтық IPO-ға шығарылады. Бұл туралы halyk-ipo.kz порталына ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
«Бұл жоспар шегерілген жоқ. Қазір «KEGOC» науқанға орай тиісті жұмыстар атқаруда», - деп атап өтті министр.
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар «Халықтық IPO" бағдарламасы аясында стратегиялық компаниялардың акцияларын қазақстандықтарға сату мүмкіндігінің құқықтық негіздеме жасақтаған.
«Мұнда ешқандай құқықтық қарама-қайшылықтар жоқ. Жалпы ұстаным жасалған. «KEGOC» Халықтық IPO-ға шығуға дайындалуда. Акциялардың қай күні сатылымға шығатынын айта алмаймын», - деді Б.Жәмішев.