Қаржы министрлігі ағымдағы жылы экспортты электронды декларациялауды енгізеді

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі ағымдағы жылы экспортты электронды декларациялауды енгізеді.

Қаржы министрлігі  ағымдағы жылы экспортты электронды декларациялауды енгізеді

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Болат Жәмішев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда экспорттың кедендік процедуралар бойынша рәсімделетін тауарлары мен көлік құралдарына қатысты электронды декларациялауды енгізу жоспарланған.

«Ал келесі жылдың 1 шілдесінен импортталатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты электронды декларациялау енгізу жоспарлануда», - деді министр.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, осы жылдың соңына дейін импортты электронды декларациялау тәжірибелік режимде енгізілетін болады.