Қаржы министрлігі: Биыл саяси реформаларға 1 трлн теңге жұмсалуы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы бюджеттің шығысында саяси реформаларды іске асыру шараларының үлесі ұлғаюы мүмкін. Бұл жайында Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева ведомствоның алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылға арналған негізгі міндет саяси, конституциялық реформаларды одан әрі қаржылай қамтамасыз етіп, экономиканы қолдау болып тұр», - деді Татьяна Савельева.

Сондай-ақ, ол 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде Мемлекет басшысының Жолдауын, сайлау алдындағы бағдарламаны, өңірлерге жасаған сапарлар кезінде туындаған тапсырмаларды орындау, жаңа ұлттық жобалар, аудандар мен қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жөніндегі мәселелердің үлкен блогы пысықталатынын айтты.

«Алдын ала есеп бойынша биыл қосымша 1 трлн теңге іздеу талап етілуі мүмкін», - деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар