Қаржы министрлігі ғимаратында өрт болған жоқ - ТЖК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таңертең, бірінші қабаттан жоғарғы қабаттар бойынша өрт дабыл жүйесі іске қосылған соң, өрт сөндіру посты барлауды бастады, сондай-ақ оқиға орнына техника, өрт сөндіру құрамы да келді.

Қаржы министрлігі ғимаратында өрт болған жоқ - ТЖК

Түтіндеу, өрттің тұтануы байқалмады. Бұл туралы ТЖК ресми өкілі Руслан Инмақұлов хабарлады.

«Сағат 08.28-де ҚР Қаржы минтсрлігі ғимаратының өрт сөндіру постынан  кростық үй-жайда автоматты өрт сөндіру қондырғысы, аэрозольды сөндіру жүйесі іске қосылғаны туралы хабарлама түсті ашық өртену, өрттің тұтануы болған жоқ».

Оқиға орнына 2 бірлік техника және жеке құрамнан 10 адам келді. Қондырғының іске қосылу себебін мамандар анықтауда, - деп нақтылады Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінен.