Қаржы министрлігі мемлекет қатысатын ұйымдардан бөлек, басқа да ұйымдар қаржылық есептілік депозитарийін жариялауы үшін заңнамаға өзгертулер енгізу қажет деп санайды

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қаржы министрлігі мемлекет қатысатын ұйымдардан бөлек, жұртшылық назарындағы басқа да ұйымдар қаржылық есептілік депозитарийін жариялап тұруы үшін «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет деп санайды.
None
None
Бұл пікірді бүгін Астанада Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке қаржылық есептілік депозитарийінің веб-порталын таныстыру кезінде Қаржы министрі Болат Жәмішев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, министрлік қаржылық есептілік депозитарийін қалыптастыруда қазір тек қана мемлекет қатысатын ұйымдардың есептілігін қосудан бастаған. «Депозитарийге орналастырылған қазіргі ақпараттардың өзі бұқараның үлкен қызығушылығын туғызып отыр. Кешегі дата бойынша жүйеге 155 мыңнан астам үндеулер келіп түсті. Бұл жұртшылық назарындағы ұйымдардың қаржылық есептілігі сұранысқа ие екенін білдіреді», деді министр. Б. Жәмішев «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңнамаға сәйкес, жұртшылықтың назарындағы барлық ұйымдар 2009 жылдан бастап қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуі тиістігін айтты. «Мұндай ұйымдардың барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында өздерінің қаржылық есептерін ішінара ғана жариялайды. Ол жарияланымдардағы деректер бойынша, уәкілетті орган ретінде біздің министрлікке жұртшылықтың назарындағы ұйымдардың барлығы шын мәнінде толық көлемде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшкендігін бағалау мүмкін емес. Сондықтан қаржылық есептілік депозитарийін енгізу министрлікке «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңнаманың сақталуын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл ретте бақылау қашықтан жүзеге асырылады. Біз қаржылық есептілік депозитарийіне қол жеткізе алатын және сараптама негізінде өз бағамызды беретін боламыз», деді Б. Жәмішев. Оның пікірінше, бұл жұмысты жолға қоюдағы негізгі мақсаттардың бірі ? еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру.
Соңғы жаңалықтар