Қаржы министрлігі жыл соңына дейін экспорт бойынша электрондық декларация енгізбекші

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін экспорт бойынша электрондық декларация енгізілмек. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Қаржы министрлігі жыл соңына дейін экспорт бойынша электрондық декларация енгізбекші

«Сонымен қатар, біз жыл соңына дейін ілкі жоба ретінде импорттық декларацияны да іске қоса бастаймыз. Егер жүйе жұмысы дұрыс жолға түссе, онда келер жылдың ортасына таман импорттың барлығы толықтай электрондық декларацияға өтпек. Бұдан бөлек, келер жылдың ортасына қарай алдын ала декларациялауды да толықтай жүзеге асыра бастаймыз. Қазірдің өзінде «электрондық рұқсат беру» және «электронды лицензиялау» жүйесіне қосылып отырмыз. Сондықтан да, Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушылар арасында кедендік алып өтулерде бұрынғыдай көп құжаттар талап етілмейтін болады», - дейді Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, алдағы уақытта ұлттық кедендік заңнамаларға да өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Ондай өзгерістер Кеден одағы аясындағы кодекске еш қайшы келмейді.