Қаржы министрлігінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Жұмаділдаев Ануар Серқұлұлы Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
ҚР Қаржы министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Мараджапов Бахтиёр Иркинұлы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Қыпшақов Арғын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің МКК баспасөз қызметі.