Қаржы министрлігінде ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Қаржы министрлігінде ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ел өңірлерінен келген ардагерлердің салтанатты кеші Астана қаласының халықаралық әуежайынан басталды, оларды Ұлы Жеңіс мерейтойының қарсаңындағы әскери әндермен, жылы құрметтеу сөздерімен және құттықтаулармен қарсы алды.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өз сөзінде: «Екі мерекенің - Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінің бірінен соң бірі қатар келетіні Ұлы Отан соғысына қатысқан жеңімпаздардың әскери дәстүрлерінің және Отанымызды қазіргі қорғаушылар ерліктерінің сабақтастығы туралы куәландырады. Қазақстанның атақты ұлдары мен қыздары басқа республикалар өкілдерімен қатар қаһарлы жауды талқандауға қатысты. Біздің ардагерлеріміздің керемет ерлігі, табандылығы, қайсарлылығы, қажымас қайраты және өмірлік күші барлық алдағы ұрпаққа үлгі болып қалады»,-деп атап өтті.

Соғыс жылдарының атрибуттары сахнаны безендіріп жіберді, ал соғыстың құжаттамалық кадрлары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елімізге қандай қиыншылықтармен, құрбандықтармен және жоғалтулармен түскенін еске салды.

Сахнада барлығына танымал әскери әндер айтылды, оларда сол жылдарғы азаматтардың Отанға деген сүйіспеншілігі, солдаттардың көрсеткен жауынгерлігі мен өжеттігі туралы айтылады.

Мерекелік концерттің соңында ҰОС-тың ардагерлеріне естелік сыйлықтар және гүлдер берілді, сондай-ақ әскери палаткада ұйымдастырылған солдат ботқасы таратылды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.