Қаржы министрлігінің алдындағы скверде елорданың кішкентай тұрғындарына арналған мерекелік іс-шаралар өтуде

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Бүгін Қаржы министрлігінің алдындағы скверде елорданың 11 жылдығы қарсаңында Астананың кішкентай тұрғындарына және олардың ата-аналарына арналған мерекелік іс-шаралар өтуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұнда қонақтар үшін цирк әртістері, түрлі қуыршақтар, әртіс-қуыршақтар өнер көрсетуде. Жүргізуші ретінде клоундар мен ертегі кейіпкерлері әрекет етеді.

Скверде сонымен қатар, ойын-сауық алаңдары, өзіндік «Айналайын» отбасылық-демалыс қалашықтары ұйымдастырылған. Әрбір қалашықта 10-нан - жас авиаконструкторлар мен суретшілердің, үй жануарларын сүюшілердің алаңдары, спорт алаңдары және т.б. көзделген.

Мерекелік бағдарламада - «Мен Астананы саламын» сурет жарысы, ойындар, викториналар өтеді, балалар шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді, «Әкем, шешем, мен - бәріміз тату отбасымыз» деген конкурсы өтеді.

«Айналайын» қалашығы сағат 11.00-ден 20.00-ға дейін жұмыс істейді. Қаланың әрбір саябағында екі концерттен қойылады және файер-шоу өтеді.

Соңғы жаңалықтар