19:18, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 0,8 пайызға төмендеді
АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қаңтар айында Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 0,8 пайызға төмендеді.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қаңтарда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 4 аукцион өткізілді. Жалпы 2009 жылдың алғашқы айында Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2008 жылдың соңғы айымен салыстырғанда 0,8 пайызға төмендеп 809,6 миллиард теңгені құрады.