Қаржы министрлігінің ең бірінші мақсаты – әлеуметтік міндеттемелерді уақтылы орындау - Смайылов

«Министрліктің ең бірінші мақсаты – халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы орындау.
Мемлекеттің шығыстары жыл сайын өсіп келеді. Бірақ, соған қарамастан бюджеттің кіріс бөлігін арттыру Министрлік жұмысының басты басымдығы болып қала береді.
Салықтар мен кедендік баждардың жиналуын арттыру және салық салынатын базаны кеңейту үшін түбегейлі шаралар қабылдау қажет.
Салық төлеушілер мен салық органдарының өзара қарым-қатынасы цифрландыру арқылы сервистік модель негізінде құрылуы тиіс», - деді ол.
Сондай-ақ, ол салық және кеден жүйелерінің интеграциясын толықтай іске асыру қажеттігін атады.
«Бір терезе» қағидаты бойынша енгізілетін кедендік бақылау бизнес-қоғамдастыққа оң әсер етуі тиіс. Жалпы, жаңа Салық кодексін әзірлеу шеңберінде салықтық-кедендік әкімшілендіруді жаңартуды «Атамекен» палатасымен және сарапшылармен бірге өзара тығыз іс-қимылда қамтамасыз ету қажет», - деді Үкімет басшысы.