Қаржы министрлігінің камералық бақылауы заң бұзушылықтардың алдын алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің камералық бақылауы мемлекеттік сатып алулар жүргізу кезінде заң бұзушылықтардың алдын алады. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында мемлекеттік аудит және қаржылық қадағалау мәселелері бойынша дөңгелек үстелде ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Посткеңестік кеңістіктегі елдерге қарағанда Қазақстанда ғана сатып алулардың мемлекеттік алаңы жұмыс істеуде. Онда сатып алулардың барлық түрлері бойынша рәсімдердің 100 пайызы тек электронды түрде іске асырылады»,-деп тоқталды ол.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде жүйе 100 пайыз деңгейде автоматтандырылған. «Электронды Қаржы министрлігі» жүйесі сатып алулар порталына ықпалдасқан, бұл өз кезегінде камералық бақылау жүйесін енгізуге мүмкіндік берді. Осы орайда аудиттің тиісті рәсімдері жүзеге асырылады.

Камералық бақылау келісімшарт бекіткенге дейін бұзушылықтарды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді екен.

«Ағымдағы жылдың алғашқы 3 айында камералық бақылау нәтижесі бойынша әрбір үшінші конкурста заң бұзушылық анықталып отырды. Бұл ретте 17 мыңға жуық конкурстық рәсімдер заң бұзушылақтармен өткізілді. Бүгінде түсіндіру жұмыстарының арқасында бұндай теріс әрекеттер саны азайып, енді әрбір бесінші жағдайда бұзушылықтарды тауып отырмыз»,-деді Бекетаев.

Оның сөзіне қарағанда, камералық бақылау заң бұзушылықтарды ескертуге бағытталған. Олар дер кезінде анықталғанда, аудит нысанының лауазымды тұлғалары жауапкершіліктен босатылады.

2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша бұзушылықтарды уақытылы жойғаны үшін жауапкершіліктен 15 мыңға жуық лауазымды адам босады. Өткен жылы 9 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар