Қаржы органдары 8 айда жалған кәсіпкерлікке байланысты 430 қылмысты анықтады
АЛМАТЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қаржы органдары 8 айда жалған кәсіпкерлікке байланысты 430 қылмысты анықтады. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан төртінші қазақстандық салық форумында айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Жалған кәсіпкерлікке байланысты қылмыс жыл сайын 20 пайызға өсіп келе жатыр. Мәселен, 2006 жылы - 244, 2008 жылы 360 қылмыс анықталды. Ал биыл олардың саны 8 айда 430-ға жетті", дейді ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ибраимов. Оның айтуынша, 2006-2008 жылдары қаржы полициясы салық төлемеуге, ұрлыққа байланысты 2554 қылмысты тіркеген. Оның ішінде салық төлемеуге байланысты 2006 жылы - 497, 2007 жылы - 540, 2008 жылы -526 қылмысты анықтаған еді. Биыл оның саны 8 айда 495-ті құрап отыр. Сондай-ақ олардан бюджетке келген шығынның көлемі 580 миллион теңге болды.