Қаржы полицейі пара алу үстінде ұсталды - Оңтүстік Қазақстан облысы

ШЫМКЕНТ.  Қыркүйектің  4-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -   Оңтүстік Қазақстан  облысы  бойынша  экономикалық қылмысқа және  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес    жөніндегі    департаментінің  Ордабасы  аудандық  қаржы  полициясы  аймақаралық  басқармасы  бастығының  орынбасары    парамен   ұсталды.  
None
None

  ҚазАқпарат тілшісіне  бұл туралы   облыстық   қаржы полициясы  департаментінің баспасөз қызметінен  хабарлады.

Департамент  қызметкерлері    оны    жер  теліміне   деректі  құжат  түрінде  заңсыз    сыйлық алу  үстінде    ұстады. Бұл  сыйлықты       полицей  облыс тұрғынынан оның үстінен   қылмыстық істі  қозғаудан   бас тартқаны үшін     талап еткен.   Бұл  факті  бойынша  қылмыстық  іс қозғалды,  тергеу  жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар