Қаржы полициясы 140-қа жуық басшыларды қылмыстық жауапкершілікке тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы 140-қа жуық басшыларды қылмыстық жауапкершілікке тартты, оның шініде орталық атқару органдарының басшылары, әкімдер мен олардың орынбасарлары бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жандандыру туралы ведомствоның көшпелі алқа отырысында Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Рашид Түсіпбеков айтты.
Оның мәліметінше, мемлекеттік органдардың лауазымы тұлғалары ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқарудың 6 фактісі анықталды. Бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтау 1,5 есеге өскен, пара алу - төрттен бір бөлікке өскен.
2014 жылдың 6 айында анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстырдың саны 16%-ға өскен. Жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық іс 1,5 есеге көп қозғалған. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласындағы анықталған қылмыстық істердің саны 2 есеге жуқ артқан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның бастығы жеке құрамның алдында сыбайлас жемқорлықтың ұйымдасқан нысандарын анықтап, жолын кесуге, көп деңгейлі сыбайлас жемқорлық схемаларын жоюға, сонымен қатар құқық қорғау және сот органдарының жемқор шенеуніктерін әшкерелеуге нақты міндеттер қойды. Сонымен қатар ол даму инститтутары мен квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуді тапсырды.