Қаржы полициясы академиясына жаңа басшы келді

АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы қаржы полициясының генерал-майоры Қайрат Қожамжаров Қаржы полициясы академиясының жеке құрамына Академияның жаңа бастығын таныстырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Әбдірәлі Бөлебай.

Қаржы полициясы академиясына жаңа басшы келді

Агенттік Төрағасының 2010 жылғы тамыздың 28-індегі бұйрығымен Қаржы полициясы академиясының бастығы болып заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Советұлы Башимов тағайындалды.

Қайрат Қожамжаров Академия қызметкерлерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, Қаржы полициясы академиясы еліміздің құқық қорғау жүйесінің мамандандырылған оқу орындары арасындағы белгілі және беделдісі болып табылатынын айтты. Осыған байланысты Академияның материалдық-техникалық базасы мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыруды әрі қарай жетілдіру, жаңарту технологиялары есебімен профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру, ғылым мен тәжірибенің оқу процесіне байланысын бекіту үшін қаржы полициясы органының тәжірибелі қызметкерлерін тарту керек.

Педагогикалық жаңа оқу технологияларын және жаңадан енгізілген әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың дәстүрлі және жаңа әдістерін жасауды жүзеге асыру қамтамасыз етіледі. Бұл аталған қолайсыз құбылыстармен күресуді жүргізетін құқық қорғау органдарының қызметін жақсартудың қажетті шарты болып табылады.