Қаржы полициясы академиясында Инновациялық технологиялар кабинеті ашылды
АСТАНА. 11 қыкүйк. ҚазАқпарат - Бүгін Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) көмегімен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметінен хабарлады.
Рәсімге Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасы Елшісі Омер Бурхан Тузель, оның қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ирфан Озджан, еңбек жөніндегі кеңесшісі Атакан Уста, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) вице-президенті Мехмет Сюрея Эр, ТIKA агенттігінің Қазақстандағы өкілі Эврен Рутбиль, «CIHAN» Ақпараттық агенттігінің директоры Доган Йылдыз қатысты.
Сәлемдесу сөзі рәсім қатысушыларға Қаржы полициясы академиясының басшысы, з.ғ.д., профессор, қаржы полициясының полковнигі Сарқытбек Сәрсембайұлы Молдабаев айтты. Ол заманауи компьютерлік техника, сервермен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің ашылуы, сонымен қатар «Платонус» автоматтандырылған оқыту жүйесін алу және орнатуы Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) белсенді қызметі арқасында жүзеге асырылғанды атап өтті.
Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасы Елшісі Омер Бурхан Тузель сөз сөйледі. «Қазақстан Республикасы және Түркия Республикасының білім беру және ғылым процесі саласындағы ынтымақтастығының маңыздылығы мәлім. Біздің елдер арасындағы қарым-қатынастар тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап қарқынды дамыды және қазіргі жоғарғы деңгейге жетті. Бүгінгі таңда стратегиялық сипатқа ие болды», - атап өтті ол өз сөзінде.
Лента қию салтанатты рәсімі және Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің жұмысының көрсетілімі өтті.
Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) вице-президенті Мехмет Сюрея Эр ТIKA жобалары шеңберінде Түркия 100 елде жұмыс істейді, сонымен қатар Академия қызметкерлеріне академиялық ұшқұрлықты дамытуға және оқыту жүйесін модернизациялау бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенімділік білдірді.
Академия бастығының орынбасары, з.ғ.к., қаржы полициясының полковнигі Дулат Сулейменұлы Жақашев білім беру саласындағы өзара іс-әрекет бойынша халықаралық бағдарлама үлкен маңызға ие екенін атап өтті.
Шетелдік қонақтар көрсетілген жақсы қабылдауға және қазақстандық қонақжайлылыққа ілтипат білдірді, сонымен қатар Академияның материалдық-техникалық базасын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, тәртіпті қамтамасыз етуді жоғары бағалады.