Қаржы полициясы академиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған спорттық шаралар басталды

  АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы академиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған спорттық шаралар өтуде. Бұл туралы Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) қызметкерлері спорттың 2 түрінен - шағын футбол және қол күресі бойынша жарысатын болады.

Шағын футбол турниріне 8 команда қатысуда. Қол күресінен наградалар жиынтығы осы спорт түрінде бәсекелесуге ниеттенген 18 қызметкер арасында ойналатын болады.

Спорттық шараны ашқан Агенттіктің Аппарат басшысы С. Темірболатов жиылған жұртты келе жатқан мерекелермен құттықтап, шын мықтыларға жеңіс тіледі.

Ол жаңа мемлекеттің іргетасын қалаушы және ұлт көшбасшысына айналған еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі мен рөлі туралы атап өтті.

Шағын футбол бойынша үздік командалар және қол күресінен жеңімпаздар 2012 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиында марапатталатын болады.

Соңғы жаңалықтар