Қаржы полициясы академиясында «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі» ғылыми-теоретикалық семинар өтті

АСТАНА. 29 сәуір. ҚзаАқпарат - Бүгін Қаржы полициясы академиясының қабырғасында «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі» ғылыми-теоретикалық семинар өтті,
None
None

деп хабарлады Қаржы полициясы академиясының баспасөз қызметі.

Бұл семинарға еліміздің белгілі ғалымдары, көрнекті саяси және қоғамдық қайраткерлері, атап айтқанда, М. Сәрсембаев, Е. Оңғарбаев, С. Рахметов, Р. Юрченко, А. Ахпанов, Г. Мәуленов, Ы. Жандарбеков, К. Уханов, Е. Түзелбаев, «Нұр Отан» ХДП, Есеп комитеті, Жоғары сот, Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Бас прокуратура және республикамыздың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

БҰҰ-ның Жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасын Қазақстан 2008 жылы бекітті. Осыған орай, халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес ұлттық құқық Конвенцияда көрсетілген нормалармен сәйкестендірілу керек. Яғни, БҰҰ Конвенциясының 26-бабында Қатысушы-мемлекет «заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін анықтайтын» шараларды қарастыру керек екендігі айтылған.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен бекітілген 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» негізінде қойылған басты міндеттердің бірі - «экологиялық және басқа да қылмыстар үшін заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі».

Қазіргі таңда тек біздің мемлекетімізде ғана емес, бүкіл әлемде қағаз жүзінде бар, жалған заңды тұлғалармен қылмыстар өте жиі жасалады. Олардың шоттарына үлкен көлемде мемлекеттік қаражат аударылып, кейін осы бір күндік заңды тұлғалар жоғалып кетеді.

Қазақстанда шамамен 280 мың заңды тұлға тіркелген. Олардың 170 мыңға жуығы (60,1%) жұмыс істемейді және салық төлемейді. Бұлар игі істер емес, ұрлау мен әр түрлі алаяқтықтар үшін ашылғандығы белгілі. Кейбіреулері қылмыстық жолмен табылған материалдық қаражатты заңдастырумен айналысады.

Еліміздің Парламентінде бірінші оқылымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін ендіру мәселелеріне қатысты өзгертулер мен толықтыруларды ендіру туралы» Заң жобасы талқыланды.

Еске сала кетсек, Заң жобасына сәйкес заңды тұлға, егер заңды тұлғаның әрекетінде қылмыстық жағдайлар анықталған және кәсіпорын басшысын жауапкершілікке тарту заңды тұлғаның әрі қарай қылмыстық әрекетін тоқтатуға жеткіліксіз болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал қалған барлық жағдайда құқық қорғау органдары тек жеке тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартумен шектеледі.

Соңғы жаңалықтар