Қаржы полициясы академиясының бірінші курс тыңдаушылары салтанатты Ант қабылдады

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін, қыркүйектің 11-інде құқық қорғау органдарының болашақ офицерлерінің қатары «қаржы полициясының қатардағы қызметкері» атағы берілген Қаржы полициясы академиясының тыңдаушыларымен толықты, деп хабарлайды Қаржы полициясы академиясының баспасөз қызметі.
None
None

Академияның бірінші курсы тыңдаушыларының салтанатты Ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл әр болашақ қаржы полициясы және кеден органдары офицерлерінің өміріндегі ең маңызды оқиға болып табылады. Академия тыңдаушысы қатарына ресми қабылдану алдында жалпы білім беру мектептеріндегі бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыру, Академияның медициналық және психологиялық тексеруден, дене шынықтыру дайындығынан нормативтер тапсыру, кешенді тестілеуден тұратын үш деңгейлік конкурстық іріктеуден өту қажет болған. Сонан соң Академияға түскендер қызметін әрі қарай атқаруға даярлайтын бір айлық «Жас жауынгер курсынан» өту, сонымен қатар курс бойы дене шынықтыру, саптық дайындық және мамандыққа кіріспе сабақтарын өту жоспарланған.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров, төрағаның орынбасары Рустам Ибраимов, департамент басшылары, Президент Әкімшілігінен, «Нұр-Отан» ХДП-дан өкілдер және де тыңдаушылардың ата-аналары мен басқа да қонақтар қатысты. Қаржы полициясы академиясының бастығы, қаржы полициясының полковнигі Марат Башимов салтанатты Ант қабылдау рәсіміне арналған шеруді ашты. Оқу алаңында Академия тыңдаушыларының қызметтік-оқу жаттығуларының көріністері көрсетілді. Болашақ офицерлерге экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашу мен тергеу, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі кеден мамандарына құттықтау сөздер, тілектер айтылып, бата берілді.

Отанның құқық қорғау органдарына қызмет етуді және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қорғауды өзінің борышы деп таңдаған қаржы полициясы мен кеден органдарының болашақ қызметкерлерін 4 жыл қауырт оқу күтіп тұр. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға, ашуға және тергеуге қажетті заң және экономикалық білімді меңгерген бүгінгі қатардағы қаржы полициясы қызметкерлері мемлекеттің құқықтық тәртіп пен экономикалық қауіпсіздігінің тиімділігін арттыруға үлес қосамын деген ізгі ниетін іске асыра алады.

Соңғы жаңалықтар