Қаржы полициясы Аманжан мен Бергей Рысқалиевтердің орналасқан жері туралы ақпаратты тексеруде

Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің отырысынан кейін Қаржы полициясы төрағасының орынбасары Андрей Лукин мәлім етті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын дереккөздер «екі атыраулықтың» Лондонда орналасып алғандығы туралы хабарланған болатын.
«Біз олардың мүмкін болар жерлері туралы ақпаратты жоққа шығара алмаймыз және оны қуаттамаймыз», - деді ол.
Журналистердің сұрақтарына жауап қайыру кезінде ол, Б.Рысқалиевтің тергеуге келмегендігін айтты. А. Лукин қалған ақпаратты тергеу амалдарына байланысты мәлім еткен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Бергей Рысқалиев Атырау облысы әкімінің қызметінен босатылғаннан кейін із-түзсіз жоғалды. Бергей Сәулетбайұлы ұсталып, үй қамаққа алынғаны жайлы ақпарат тараған болатын, бірақ ол мәліметтер расталмады.