Қаржы полициясы азаматтарды жемқорлық жайында қорықпай хабарлауға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның қаржы полицясы жемқорлық фактілері жайында хабарлаған азаматтарды «сөз тасушы» деп қараламауға өтінді.
None
None

«Жемқорлық фактілері жайында хабарлау, бұл адамның қоғамға деген қалыпты дұрыс қатынасын білдіреді. Егер де қоғам осыған тосқауыл қоймаса, онда пара алатын шенеуніктер саны жыл сайын артатын болады», - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинге агенттік төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде осындай 229 хабар жеткізу фактілері бойынша 25 млн. теңге көлемінде сыйақа төленді. Сонымен бірге жемқорлық жайында хабарлағандар бұдан да көп екен. Оларға ақшалай сыйақы қылмыс бойынша үкім заңды күшіне енгеннен кейін төленеді.

М. Ахметжановтың айтуынша, жемқорлар жайында хабарлауға қорықпайтындардың негізгі үлесі Оңтүстік Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі.

Соңғы жаңалықтар