Қаржы полициясы «БТА Банк» банкоматтарынан 400 миллиондай теңге көлемінде заңсыз ақша алу факті бойынша қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - Қаржы полициясының Тергеу департаменті алаяқтық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына және «БТА Банк» қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер қозғады,

Қаржы полициясы  «БТА Банк» банкоматтарынан   400 миллиондай теңге көлемінде заңсыз  ақша    алу  факті  бойынша  қылмыстық  іс қозғады
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы полициясына сілтеме жасап. Атап айтқанда, департамент Ч. деген азаматқа, «БТА Банк» АҚ қызметкерлері және басқа да анықталмаған тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 177-ші бабы 3 тармағының «б» тармақшасы бойынша (алаяқтық факті) қылмыстық іс қозғады, яғни олар топтасып әрекет етіп, бірнеше рет Қарағанды облысының аумағында орналасқан банкоматтардан 64 713 000 теңгені жымқырған.Қаржы полициясы сондай-ақ топтасып, бірнеше рет Талдықорған қаласында орналасқан банкоматтардан ірі көлемде - 1 200 000 теңгені, Астана қаласында орналасқан банкоматтардан - 67 820 000 теңгені, бірнеше мәрте Алматы қаласында орналасқан банкоматтардан - 272 392 912 теңгені жымқырған Ч. деген азаматқа,«БТА Банк» АҚ қызметкерлері мен басқа да анықталмаған тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 177-ші бабы 3 тармағының «б» тармақшасы бойынша (алаяқтық факті) қылмыстық істер қозғады.