09:39, 25 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қаржы полициясы еліміздің Денсаулық сақтау министріне қатысты қылмыстық іс қозғады
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
«Ағымдағы жылғы қыркүйектің 21-інде агенттік лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ж.Досқалиевке қатысты қылмыстық іс қозғады», деді ресми өкіл.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, іс тергелу үстінде, тергеу мүддесіне орай басқа ақпараттар берілмейді.