Қаржы полициясы іздеуге жарияланған Бергей Рысқалиевтің фотосын «Назар аударыңыз, іздеу саламыз!» айдарына шығарды

АТЫРАУ. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Қаржы полициясының «Назар аударыңыз, іздеу саламыз!» айдарында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің фотосуреті орналастырылды.

Қаржы полициясы іздеуге жарияланған Бергей Рысқалиевтің фотосын «Назар аударыңыз, іздеу саламыз!» айдарына шығарды

Суреттің астындағы мәтінде: «Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) ҚР ҚК-нің 176 бабы, 3 бөлімінің «б,г» тармақшаларымен, 176 бабы, 4 бөлімінің «б» тармақшасымен, 307 бабының 4 бөлімімен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін іздеу салады:

РЫСҚАЛИЕВ Бергей Сәулебайұлы. Ол 21.01.1967 жылы Атырау облысында дүниеге келді (қылмыстық іс № 12002305100001, 24.08.2012 жыл, іздеу ісі № 13230005410001, 25.01.2013 жыл, бұлтартпау шарасы - «қамауға алу», іздеу түрі - «мемлекетаралық»).

Жеке басын куәландыратын құжаттар: 06.01.2012 жылы берілген № 032750602 жеке куәлік, 08.04.2005 жылы берілген № 4507171 төлқұжат, ҚР ІІМ-мен берілген. Ұлты: қазақ, білімі: жоғары.

Бойы 170-175 см, орташа денелі, шашы қысқа, бурыл, мұрны тік, пұшық келген, орташа, ерні жіңішке. Ерекше белгілері жоқ. Іздеудегі тұлғаны тапқан немесе оның жүруі мүмкін орны туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 060002, Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Темірханов көшесі, 2 үй, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне (қаржы полициясы), байланыс телефондары: 8 (7122) 32-24-22 (іздеу тобы), 32-24-21, 35-42-85 (кезекшілік бөлім) арқылы хабарласуыңызды сұраймыз», делінеді.