17:09, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Қаржы полициясы «Қазатомпром» АҚ қаражатын қымқырған күдіктіні ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы «Қазавтомпром» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның қаражатын жымқырды деген күдікпен кәсіпкер Розмат Әлібековты ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«2014 жылғы 15 наурызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері «Сырдария-жоба Құрылыс» ЖШС-ның директоры Әлібеков Розматты ұстады. Ол құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мердігер өз фирмасына бөлінген «Қазатомпром» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 1,3 миллиардтан астам қаражатын жымқырды деп айыпталуда», - делінген хабарламада.
Қаржы полициясының деректеріне сүйенсек, Р.Әлібеков ҚР ІІМ арнайы есебінде ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ретінде тіркелген. Р.Әлібековке қатысты бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселе шешілуде, қылмыстық іс тергелу үстінде. Тергеу ісінің мүддесіндегі өзге ақпараттар таратылмайды, деп атап өтті ведомствода.