Қаржы полициясы қылмыстың жасалғанын күтпей, оның алдын алуға кірісті

«Жалпы Қаржы полициясы былтырдан бастап өзінің жұмысындағы өлшемдерді қайта қарады. Бұл тұрғыда сандық көрсеткішке емес, сапалық көрсеткішке басты назарды аударған болатынбыз. Оның себебіне тоқталсақ, соңғы жылдардағы статистикаға қарайтын болсақ, жыл сайын қаржы полициясы органдарымен қозғалған қылмыстардың саны артуда. Барлық бағыттар бойынша, яғни, сыбайлас жемқорлық, экономикалық және қаржылық қылмыстардың саны көбеюде. Бірақ бұл түпкілікті мәселені шешпеді. Себебі қылмыстар санының артуы криминагендік ахуалдың жақсаруына ешқандай да септігін тигізіп отырған жоқ», - деді ресми өкіл.
«Сондықтан да біз жұмыс бағытын профилактиға, яғни, қылмыстардың алдын алу, заңсыздыққа жол бермеу жағына бұрдық. Осы орайда қылмыстың жасалғандығын күтудің орнына, оның болдырмауға бар күшімізді саламыз. Атап айтқанда бюджеттік қаражаттың ұрланбауын басты назарда ұстаймыз», - деді М. Жұманбай.