Қаржы полициясы Қытайдан 3 жыл бойы іздеуде жүрген азаматты экстрадициялады

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан 2010 жылдан іздеуде жүрген азаматты экстрадициялады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Ағымдағы жылғы 7 шілдеде Қаржы полициясы агенттігі мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері «Акмоласвязьстрой» АҚ-на тиесілі 239,5 млн. теңгені ұрлады деген айыппен 2010 жылғы наурызда халықаралық іздеуге жарияланған Д. Кеделбаевты Қытай Халық Республикасынан экстрадициялады.

Кеделбаев ағымдағы жылғы маусымда Бейжің қаласында ҚХР құқыққорғау органдарымен ұсталған болатын.

Ол «Акмоласвязьстрой» АҚ-на тиесілі 2 ғимаратты және автожуу орнын өз атына заңсыз рәсімдеп, кәсіпорынға 239,5 млн. теңге залал келтірді деп айыпталуда.

Бүгінгі күні ол Астана қаласының ІІД тергеу абақтысына тоғытылды.

Соңғы жаңалықтар