Қаржы полициясы органдары бір үйір жылқыны контрабандалық жолмен алып келу фактісін анықтады

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, осы оқиға бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында А. деген азаматтың ісі сотқа тапсырылды. Ол кедендік рәсімдеусіз Өзбекстан Республикасының аумағынан Қазақстанға жалпы құны 2 млн. 900 мың теңге болатын 46 бас жылқыны заңсыз алып келген.
Қазіргі күні «темір тұлпарларды», яғни автомобильдерді контрабандалық жолмен алып келу қылмыстық кәсіптің тағы бір табысты түріне айналғандай. Алматы қаласында Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы АҚШ пен Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы құны 11,5 млн. теңгені (95 200 АҚШ доллары) құрайтын автомобильдерді заңсыз алып келу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді ресми өкіл.