Қаржы полициясы органдарына шағымданушылар саны артып отыр ? А.Лукин

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне шағымданушылар саны биыл 34 мыңға жуықтаған.
None
None
Ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде 18 мың болған. Бұл агенттік өкілдерінің жемқорлықпен күрес мақсатында жүргізген жұмыстарының нәтижесі», - дейді аталмыш ведомство төрағасының орынбасары Андрей Лукин. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан студенттері альянсының өкілдерімен кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Естеріңізде болса, біз өткен жылы «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясымен жемқорлықпен күрестегі ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған болатынбыз. Аталмыш құжат талаптары бойынша агенттік басшылары қоғамдық қабылдау өткізуі тиіс еді. Содан бері 2,5 мыңнан астам азамат қабылдауда болды. Бұл бағыттағы жұмыстарды біз биыл да ұйымдастырудамыз», - дейді А.Лукин. Оның айтуынша, ағымдағы жылы агенттік төрағасы мен оның орынбасарлары қоғамдық қабылдауларды Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Атырау облыстарында өткізбек. «Ал өзім ағымдағы жылы Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарын араладым. Осылайша біз алдын ала белгіленген тәртіппен республиканың барлық аймақтарында боламыз», - деді агенттік төрағасының орынбасары.
Соңғы жаңалықтар