Қаржы полициясы органдарында жауап беру кезінде Ж.Досқалиев инсультқа ұшырады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

АСТАНА Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қаржы полициясы органдарында жауап беру кезінде Ж.Досқалиев инсультқа ұшырады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

«Бірқатар БАҚ-тардағы қыркүйектің 25-інде Қаржы полициясы органдарында жауап беру кезінде Досқалиев инсультқа ұшырады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Министрден жауап қыркүйектің 22-сінде, оның қорғаушысының қатысуымен алынды. Ал осыдан кейін ешқандай тергеу амалдары жүзеге асырылған жоқ», деді ресми өкіл өз сөзінде.

Оның айтуынша, қыркүйектің 25-інде Досқалиев күдікті ретінде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 142-ші бабының негізінде ұсталып, медициналық тексеруден кейін Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша ұстау орнына қамалған.

Ресми өкілдінің атап өтуіне қарағанда, ол денсаулығына қатысты ешқандай шағым айтпаған. «Алайда қыркүйектің 26-сында Астана қалалық ІІД уақытша ұстау орнының фельдшерімен жүзеге асырылған таңертегі медициналық тексеру кезінде оның қан қысымының жоғары екендігі анықталып, медициналық жедел жәрдем шақырылды», деді М.Жұманбай.

Соңғы жаңалықтар