Қаржы полициясы органдарының 68 қызметкері жоғарғы аттестаттау комиссиясынан өтті

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы органдарының 68 қызметкері жоғарғы аттестаттау комиссиясынан өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қаржы полициясы органдарының 68 қызметкері жоғарғы аттестаттау комиссиясынан өтті

«Қаржы полициясы органдарының 68 қызметкері, олардың қатарында агенттік төрағасының орынбасарлары, агенттік аппаратының жетекшісі, орталық аппарат департаменттерінің бастықтары, облыстар, Астана және Алматы қалаларының қаржы полициясы департаменттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары, Қаржы полициясы академиясының бастығы жоғарғы аттестациялық комиссиядан аттестаттаудан өтті», - делінген ақпаратта.

Ведомствоның атап өтуінше, атесттатаудың қорытындысы шығарған соң оның нәтижелері жұртшылыққа жария етілетін  болады.