Қаржы полициясы өткен жылдың қорытындысын жариялады

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Өткен жылы пара беру, қызметтегі әрекетсіздік, қызмет бабын асыра пайдалану секілді сыбайлас жемқорлық көріністері анықталды.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз хатшысы Дәмежан Есімбекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, 2008 жыл мен биылғы жылдың екі айын қосып есептегенде, жер қатынастарына байланысты 367 сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстардың жолы кесілді. Мемлекеттік жер қорына 88 гектар жер қайтарылып, 40 миллиард теңгеден астам қаржы мемлекет үлесіне өндіріліп алынды. Аталған фактілер бойынша түрлі деңгейдегі әкімдер мен әкімдіктер қызметкерлерінің 61 қылмыстық ісі сотқа жолданып, 20 адам сотталды. Атап айтқанда, жер телімдерін бөлгені үшін пара алған Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімі мен Алматы облысы Талғар қаласының әкімі қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар бойынша 265 сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталды. Сотқа 160 қылмыстық іс жолданып, 70 адам сотталды.
Соңғы жаңалықтар