Қаржы полициясы Салық комитетінің бұрынғы қызметкеріне қатысты тағы 8 қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының қаржы полицейлері еліміздің салық комитетінің бұрынғы қызметкері Н.Нұрбаевтың жалған кәсіпкерлігіне қатысты жаңа фактілерді анықтады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.

Қаржы полициясы Салық комитетінің бұрынғы қызметкеріне қатысты тағы 8 қылмыстық іс қозғады

2014 жылдың қаңтар айында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Нұрбаевтың басқа адамдармен бірігіп, түрлі адамдардың атынан әділет органдарында 8 жалған кәсіпорын ашып, тіркеп қойған. Олардың арасында жұмыссыздар, бұрын істі болғандар, сонымен бірге, студенттер де бар. Тергеу материалдарында Нұрбаевтың қылмыстық қызметінің ауқымдылығы елдің бірнеше аймағына, соның ішінде, Астана қаласы мен Көкшетау қаласы, Ақмола және Ақтөбе облыстарының аудандарына дейін тарағаны жазылған.

Салық органдарының тұжырымдамасына сәйкес, Нұрбаевтың жалған кәсіпкерлігіне қатысты фактілер бойынша 2014 жылдың қаңтар айында ҚР ҚК 192-бабы 2-тармағының «б» тармағы бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта Нұрбаев қамауға алынып, қылмыстық іс тергеліп жатыр.