19:55, 14 Наурыз 2013 | GMT +5
Қаржы полициясы Сапар Мәмиді ұстады деген ақпарат жоққа шығарылды
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) кейбір БАҚ таратқан Сапар Мәми ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарады.

Бұл туралы Қаржы полициясының ресми сайтында жазылған.
«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары қаржы полициясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің туған інісі - Сапар Мәмиді ұстады деген ақпаратты таратқан болатын.
Қаржы полициясы агенттігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін хабарлайды», - делінген агенттік мәлімдемесінде.