Қаржы полициясы: Сараптамалық материалдар негізінде шығын сомасы 70,2 млрд. теңгені құрайтын 239 қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Сараптамалық материалдар негізінде шығын сомасы 70,2 млрд. теңгені құрайтын 239 қылмыстық іс қозғалды.

Қаржы полициясы: Сараптамалық материалдар негізінде шығын сомасы 70,2 млрд. теңгені құрайтын 239 қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Ақпараттық-сараптамалық орталығының бастығы Б.Айтбаев мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысында аумақтық органдардың сараптамалық материалдары негізінде белгіленген шығын сомасы 70,2 млрд. теңгені құрайтын 239 қылмыстық іс қозғалды», - деді ол.

Бұл ретте орталық басшысы осы жылдың бірінші тоқсанында шамамен 70, ал екінші тоқсанда 169 қылмыстық іс қозғалғанын, өсім 2,4 есе болғанын баса айтты.

«Тәуекелді» субъектілерді анықтауға негіз болатын барлық ақпараттарды біздің сарапшылар ашық дереккөзінен алатындығын атап өткен орынды», - деді Б.Айтбаев.