Қаржы полициясы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасын ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 1 шілдеде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.Оспановты ұстады, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қаржы полициясы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасын ұстады

Оған табиғи монополиялар субъектісіне көмек және қамқорлық жасағаны үшін 200 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдік тағылуда.

Оспановқа қатысты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.