Қаржы полициясы ведомство қызметкерлеріне ірі көлемде пара берудің жолын кесті

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Шымкентте 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің бөлім басшысына

Қаржы полициясы ведомство қызметкерлеріне ірі көлемде  пара берудің жолын кесті

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ өндірістік филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қысқарту үшін 1,5 млн.теңге пара берді деген күдікпен аталған филиалдың бұрынғы директоры П.Құнанбаев ұсталды.

29 қазанда оған қатысты ірі көлемде пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 31 қазанда ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Сондай-ақ, 26 қазанда Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті Ивановқа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ол ағымдағы жылғы 13 тамызда өзі күдіктілердің бірі болып табылатын жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық істі қысқарту үшін Астана қаласы қаржы полициясы департаментінің инспекторына 1 млн.теңге көлемінде пара берді деп айыпталуда.

Иванов 3 қазанда жалған кәсіпкерлік және салық төлеуден жалтару айыптары бойынша қамауға алынған.

Қылмыстық істер тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады, деп хабарлады Қаржы полициясының баспасөз қызметінен.