Қаржы полициясы заңды тұлғалардың ақшаны қолма қолға айналдыруын заңмен тыйым салуды ұсынады
Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында «Қылмыстардың алдын алу және құқық бұзушылықтар профилактикасы: қазіргі жай-күйі және жетілдіру перспективалары» тақырыбына арналған конференция барысында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті.
«Біздің ойымызша, сыбайлас жемқорлықтың таралуына айтарлықтай жағдай жасайтын жәйттың бірі ақшаларды қолма қолға айналдырудың шексіз мүмкіндіктері болып табылады. Мәселен, Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде Қазақстанда 968 миллиард теңге қолма қол ақшаларға айналдырылған. Оның үстіне бұндай көрсеткіш ай сайын өсу үстінде. Бұл ретте көпшілік қауым мұншалықты ірі мөлшердегі қолма қол ақша қаражаттарының «откат» үшін пайдаланылатынын, салық пен бюджеттік басқа да төлемдерден жалтаруға мүмкіндік беретінін біледі», - дейді М.Ахметжанов. Бұл ретте Қаржы полициясы басшысының орынбасары шетелдік тәжірибелерді де алға тартты. Мәселен, Украинада барлық заңды тұлғаларға сатып алулар мен төлемдерді қолма қол ақша қаражатынсыз жүзеге асыру міндеттелген.