«Қаржы полициясы заңды тұлғаларға жұмсақтық танытуы мүмкін»- республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 28 ақпан, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

Биылғы жылы Қазақстанның бірқатар өңірлерінде су деңгейінің көтерілу қаупі бар. Бұл туралы өткен сенбіде Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте мәлім болды. Мәжілісте биылғы көктемгі су тасқыны мен олардың алдын алу шаралары пысықталды. Отырыста негізгі баяндаманы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко жасады. Ол келтірген мәліметтер бойынша, Батыс Қазақстан облысында түскен қардың қалыңдығы өткен жылға қара­ған­да үш есе артық болса, ал Атырау облы­сында екі жылдық норма түскен. Сондай-ақ биыл Сырдария, Арыс, Жайық, Шаған, Қаратал, Лепсі, Тобыл өзендерінде су деңгейінің көтерілу қаупі байқалып отыр. Жыл басынан бері Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыс­тарында қар құрсауынан 1655 адам құтқарылған. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, еліміздің оңтүстік өңірінде наурыздың алғашқы онкүндігінде ауа температурасы 10-16 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Бұл тосын жағдай  «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санындағы «Сақтықта қорлық жоқ» атты мақалаға өзек болған.

 Сондай-ақ осы басылымның хабарлауынша, кеше Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Ұлыбритания Қорғаныс министрі Филипп Хаммондпен кездесті. Қорғаныс ведомстволарының басшылары Орталық Азия аумағында қорғаныс саясаты мен қауіпсіздік мәселелерін талқы­лап, «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания үкіметтері ара­сында әскери мүлік пен қыз­мет­керлер транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге» қол қойды. Қазақстан Азия аума­ғын­дағы жағдайды тұрақтандыру бой­ынша Ұлыбританияның үлесін жоғары бағалайды. Халық­ара­лық әскери ынтымақ­тас­тық­ты біз өңірлік қауіпсіздікті қам­та­масыз ету құралы ретінде қа­рас­тырамыз. Сонымен қатар, өңір­лік және халықаралық ұй­ым­­дар­мен ынтымақтастық оның ең маңызды бөлігі болып та­былады»,- деді Әділбек Жақсыбеков. Келісімнің мақсат-міндеттері мен онда қамтылған мәселелер жөнінде «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санындағы «Келісімге қол қойылды» атты мақаладан оқыңыздар.

***

Климаты жағынан өзге аймақтардан ерекшеленетін Атырау өңіріне қалың қар жауып, бораны соғып, әбігерге салғаны аздай, көктемгі уақытта қалың қар күрт еріп, атыраулықтар үшін табиғат тағы бір тосын мінезін көрсетіп тұр. Сондықтан да көктемгі мезгілде күннің жылынуы мен қалың қардың еруінен қауіптеніп отырған атқарушы билік облыстағы төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында барлық құрылымдарға табиғаттың тосын «сыйына» әзір болуды тапсырды. Көктемгі тасқынның алдын алу шарасы бекітілген облыс әкімдігінде өткен жиында сөз алған Атырау облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы Нұртас Мұхтаровтың айтуынша, биыл облыс көлеміне қар көп жауғанына байланысты, облыс бойынша су тасу деңгейі өте жоғары болуы әбден мүмкін. Бұл мәселе жөнінде «Айқын» басылымының бүгінгі санындағы «Каспийден келер қатер бар» атты мақаладан егжей-тегжейлі білуге болады.

 Сондай-ақ осы басылымның РИА Новости агентігіне сілтеме жасап хабрлауынша, Одессада болған кезінде Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің өміріне қастандық ұйымдастырушылар анықталды.  Қаңтар айының басында Одес­са қаласындағы Тирасполь көшесінде тұрған үйде болған жарылыстан 26 жастағы ре­сейлік қаза тауып, бір қазақ­стан­­дық ауыр жарақат алған. Террористік топтың құрамына кіретін қазақстандық 28 жастағы Илья Пьянзин Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің өміріне қастандық жасауды ұйымдастыр­ғандар­дың бірі болған. Бұл туралы «Айқын» басылымының бүгінгі санындағы «Путинге қастандық жасаған кім?» атты мақаладан кеңірек білуге болады.

***

«Алаш айнасы» басылымының жазуынша, Мәжілістің қоржынында шаң қауып жатқан, сонда да талқылау нысанынан таймай тұрған бір құжат бар.Ол - заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілікті енгізуді көздейтін заң жобасы. Былтырлары Қаржы полициясы енгізген осы заң жобасы шектен шыққан менеджерлерді бір шыбықпен үйіріп қана қоймай, шама келсе сол менеджердің өзін ғана емес, компаниясын қоса жауапқа тартуды көздейтіні бұған дейін де айтылды. Қаржы полициясының осындай қимылына қарсы шыққан кәсіпкерлер ұлардай шулағандықтан болар, жұрт пікірін екіге айырған жоба Мәжілістің суырмасында сол күйі жатыр. Парламенттің жоғары палатасы да осы мәселені дөңгелек үстелге арқау етіп, сенаторлар екі жақтың да пікірін тыңдауға ұмтылды. Аталмыш отырыста көтерілген мселелерді «Алаш айнасы» басылымының бүгінгі санындағы «Қаржы полициясы заңды тұлғаларға жұмсақтық танытуы мүмкін» атты мақаладан оқисыздар.

 «Атомнан бас тартпай, күн мен желге сүйену керек», -деп жазады тағы да «Алаш айнасы» басылымы. Осындай тақырыппен берілген мақалада атом энергетикасының болашағы зор екендігі, соған қарамастан балама энергетиканың да назардын тыс қалмауы қажеттігі айтылады. «Елбасының тапсырмасымен «Қазатомөнеркәсіп» атом энергетикасына қоса, балама қуат көздерін өркендетуге де көңіл бөліп отыр. Айта кету керек, әлемдегі көптеген энергетикалық компаниялар осылай әрекет етеді. Мәселен Францияның атом энергетикасы комиссариаты таяуда атом энергетикасы және энергияның балама көздері комиссариаты болып өзгертілді. Сөйтіп атом саласына қоса, күн және жел энергетикасына, қуат сақтауға арналған автономды құрылғыларды дамытуға да көп қаржы бөлінді»,-делінген мақалада.  Бұл туралы «Алаш айнасы» басылымының бүгінгі санынан оқи аласыздар.

***

«Казахстанская правда» басылымы бүгінгі санында «Диалог культур, как фактор стабилизаций» аты мақала басты. Онда Сауд Арабиясында өткен сенбіде G20 ұйымына мүше мемлекеттердің Парламенті басшыларының үшінші консультативтік кездесуі өткендігі айтылады. Өкілетті органдардың бұл жиынына шақырылған қонақ ретінде алғаш рет Қазақстан да қатысты. Бұл еліміздің конфессияаралық, ұлтаралық төзімділік пен мәдени-рухани әралуандылық идеясын ту ету бағытында еліміз жүргізіп отырған саясатқа берілген жоғары баға. «Мәдениеттердің жаһандық диалогы» атты тақырыпта өткен аталмыш жиында Сенат төрағасы Қайрат Мәми сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар