Қаржы полициясында жоғары лауазымдарға тағайындалу үшін екі кепілгер қажет

Бұйрық бойынша, құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл қызмет атқарған және тәртіптік жазасы жоқ қаржы полициясы органдарының қызметкері кепілгер бола алады.
Жоғары лауазымдарға ауысатын қызметкерлерге олардың лауазымдарынан жоғары тұрған немесе тең дәрежелі лауазымдағы әріптестерінің кепілдемесі қажет.
Аталған шара қаржы полициясы жеке құрамының жауапкершілігі мен тәртібін күшейтуге мүмкіндік береді.
Кепілдеме берілген адам тиісті лауазымға тағайындалған уақыттан бастап екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қаржы полициясы органдарына кір келтіретін теріс қылық немесе лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қызметтік тәртіпті өрескел бұзған жағдайда, кепілгерлер Тәртіптік комиссия отырысында тыңдалады.
Егер кепілдеме берілген адам тиісті лауазымға тағайындалған уақыттан бастап бір жыл ішінде өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындаса, кепілгерлер қаржы полициясы органдарының жоғары білікті басшы құрамын құруға қатысқаны үшін көтермеленетін болады.