Қаржы полициясының қызметкерлері 9 айда салық төлеуден жалтару әрекеттері бойынша 689 қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қаржы полициясының қызметкерлері ағымдағы жылдың 9 айында салық төлеуден жалтару әрекеттері бойынша 689 қылмыстық іс қозғаған.

Қаржы полициясының қызметкерлері 9 айда салық төлеуден жалтару әрекеттері бойынша 689 қылмыстық іс қозғады

Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштерден 17 пайызға көп. Қозғалған істердің 390-ы сотқа жолданды. Бұл мәліметтерді бүгін  журналистермен болған апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның келтірген деректеріне қарағанда, аяқталған істер бойынша мемлекетке келген шығын көлемі 41 пайызға артып, 33 миллиард 356,5 миллион теңгені құрады. Оның 16 миллиард 106,5 миллион теңгесі өндіріліп алынды. Жалған кәсіпорындардың контрагенттерінен 11 милллиард 700 миллион теңге көлеміндегі салық қайта есептелініп алынды. «Сондай-ақ мемлекетке келген шығынды өтеу үшін айып тағылған азаматтардың 192,5 миллион теңге тұратын мүліктеріне тоқтам салынды», деді ресми өкіл.