Қаржы полициясының ресми өкілі осы саладағы кадрлық өзгерістердің себебін түсіндірді
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай осы салада болып жатқан кадрлық өзгерістердің себебін түсіндірді.
Оның сөзіне қарағанда, агентіктің Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Алматы қалалық Қаржы полициясы департаментінің Ерекше маңызды істер департаментінің аға инспекторы Хасановты пара алу үстінде қолға түсірген.
«Осыған байланысты Алматы қаласының қаржы полициясы департаментінің бастығы Мақсат Дүйсеновтің қызметінен босатылғандығын айтқанбыз. Сонымен қатар, агенттіктің бірқатар департаментінің басшылығына жаңа азаматтар келді. Өйткені агенттік басшылығы қаржы полициясы қызметкерлерінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр және жаңа қызметке кіріскен азаматтар сол міндеттерді талапқа сай атқарады деген сенімдеміз»,-деді ресми өкіл.