Қаржы жүйесі жөніндегі Жапонияның мемлекеттік министрі өз-өзіне қол жұмсады
АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияда Қаржы жүйесі жөніндегі мемлекеттік министр және елдің пошта қызметінің реформасы жөніндегі министр Тадахиро Мацусита өз үйінде өлі табылды.
Астаналық полиция хабарлағандай, мемлекеттік министр асылып өлген, деп жазады ИТАР-ТАСС.
Оның өз-өзіне неліктен қол салғаны әзірге жарияланбай отыр. Қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізілуде. Мәлім болғандай, бүгін таңертең ол қатысуы тиіс бірқатар ресми кездесулерді кейінге қалдыртып тастаған.
Тадахиро Мацусите 73-те болды. Ол Жаңа халық партиясының мүшесі болып, қатарынан бірнеше министрлік қызметтерді атқарған.