Қаржы жүйесін жаңа жаһандық шынайылықтарға сәйкестендіру қажет - Б. Сұлтанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы жүйесін тезірек тұрақтандырып, оны жаңа жаһандық шынайылықтарға сәйкестендіру қажет. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының бес институттық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша заңнамалық жаңалықтар мен ережелерді түсіндіру жөніндегі семинарда ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Қаржы жүйесін жаңа жаһандық  шынайылықтарға сәйкестендіру қажет - Б. Сұлтанов

«Еліміздегі қаржы жүйесін тезірек тұрақтандырып, оны жаңа жаһандық шынайылыққа сәйкестендіруге тиіспіз. Бұл ретте мемлекеттік кірістер мен шығыстардың қолданыстағы жүйесін қайта қарастырып, үнемдей өмір сүруге үйренуге тиіспіз. Дегенмен, үнемдеу аясында даму деңгейі табандап қалмауы керек», - деді министр Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, сыртқы міндеттерді жүзеге асыру үшін халықтың мүдделілігін ояту да аса маңызды.

«Бұл ретте қазақстандықтарды сапалы, лайықты өмірмен қамтамасыз ету аса маңызды. Соның ішінде, ең алдымен базалық қажеттіліктерді, сапалы білім беру, денсаулық сақтау жүйесінің жоғары деңгейі, жоғары жалақы төленетін еңбек, азық-түліктің сапалылығы, заңдар мен қауіпсіздікті жетілдіру мәселелеріне мейлінше көңіл бөлінген жөн», - деді Б. Сұлтанов.