Қаржыгерлер ҚР Ұлттық банкінің БЖЗҚ байланысты ұсыныстарын қолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы (ҚҚҚ) Ұлттық банктің зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі ұсынысына қолдау білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қаржыгерлер ҚР Ұлттық банкінің БЖЗҚ байланысты ұсыныстарын қолдады

ҚҚҚ аталған реформаларды қолдап, шараларды тиімді жүзеге асыруға жәрдем көрсетуге дайын», - делінген қауымдастықтың хабарламасында.

ҚҚҚ басшысы Юлия Якупбаеваның айтуынша, салымшылар жинағының сақталуын қамтамасыз ету басты басымдылық болып қала береді, сонымен қатар, азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарын басқартуға сенім білдіріп, сәйкесінше, ол инвестициялау стратегиясын таңдай алады. Бұл ретте адамда таңдау жасау мүмкіндігі болады. Егер Ұлттық банк ұнамаса, жеке компанияға бара алады.

Қауымдастықтың пікірінше, экономиканы қаржыландыруға зейнетақы активтерін тарту оның қайта жүктелуіне, қор нарығының дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Қазіргі уақытта құрамына қаржы нарығындағы жетекші сарапшылар енгізілген зейнетақы активтерін басқару бойынша Жобалық кеңсе құрылды.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бәсекелестікті қалпына келтіру керектігін атап өткен болатын. «Адамда таңдау жасау мүмкіндігі болады. Егер оған Ұлттық банк ұнамаса, онда жеке компанияға бара алады. Бұл біз ұсынып отырған базалық ұстаным», - деді Данияр Ақышев Астана экономикалық форумының аясында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Ұлттық банк басшысы өткен қателіктерге жол бермеу керектігін еске салып, бұл ұстаным зейнетақы үлгісін бұрынғы қалпына қайтару емес екендігін айтып өтті. «Меніңше, «жалғыз терезе» институты болып табылатын БЖЗҚ бұрынғысынша қалады. Адамдардың БЖЗҚ-мен қосымша шартты бекіту мүмкіндігін ойластырудамыз. БЖЗҚ ақшаны Ұлттық банктің басқаруына бере алады, ал басқарушы компанияны салымшы өзі таңдайды»,-деп түйіндеді сөзін Ақышев.